Categories Спорт

Италиядағы көркем гимнастикадан Әлем кубогына Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі Италиядағы көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық гимнастика федерациясы Милан қаласында өтетін жарысқа қатысушылардың алдын ала тізімін шығарды. Жекелей сында еліміздің намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғайды. Топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хакимжанова өнер көрсетеді.

Әлем кубогының кезеңі 10-12 шілде аралығында өтеді.

Ұқсас жазбалар

Франция құрамасы Сенегалды 3:1 есебімен жеңді

Футболдан әлем чемпионатының I тобындағы Франция мен Сенегал құрамалары алғашқы ойынын өткізді. Бұл кездесуде 3:1…

Конференция лигасында «Астана» мен «Елімай» кіммен ойнайтыны белгілі болды

«Астана» Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Албанияның «Динамо Сити» клубымен кездеседі. Ал «Елімай» Арменияның «Алашкерт»…

Әлем кубогының екінші күні: екі боксшымыз жарыстан шығып қалды

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогының екінші күні аяқталды. Алты боксшымыздың төртеуі келесі кезеңге жолдама…