Украинадағы соғысты «жеңіл шешіледі» деп ойлаған Трамп Путинге ренжіді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбританияға сапары кезінде Ресей басшысы Владимир Путинге көңілі қалғанын мәлімдеді. Ол бастапқыда Украинадағы соғысты «ең жеңіл реттелетін қақтығыс» деп ойлағанын, бірақ келіссөздер айлап жүргізілгенімен, еш нәтиже бермегенін айтты.

«Адамдар қырылып жатыр. Мен мұны тоқтатуға міндеттімін. Біз жеті соғысты тоқтаттық, олар шешілмейтіндей көрінген еді. Ал ең оңайы деп ойлағаным – Путинмен қарым-қатынас болатын. Бірақ ол мені қатты ренжітті», – деді Трамп.

АҚШ президенті сонымен қатар Батыс одақтастарын Ресей мұнайын сатып алмауға шақырып, Путинді келіссөзге мәжбүрлеу қажеттігін атап өтті. Дегенмен, әзірге Вашингтон Мәскеуге қарсы қосымша жеке санкциялар енгізген жоқ.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты: жаңа рекорд

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірдегі…

Президентке қорғаныс саласындағы инновациялық жоба таныстырылды

Президентке Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы таныстырылды.

Астанада 2 жасар баланы көлік қағып кетті: полиция мән-жайды айтты

Астанада тұрғын үй ауласында 2 жасар баланы көлік қағып кетті. Полиция оқиға бойынша түсініктеме берді.