Categories Жайық news

Түркия туы ілінген бағанада билеген шетелдік турист бас бостандығынан айырылмақ

Каппадокиядағы туристік танымал нүктелердің бірінде түсірілген видео желіде таралып, қыз мемлекеттік символды қорлаған деп айыпталды. Ол акробатикалық трюктарды орындау үшін Түркия туы ілінген флагштокты қолданған, деп хабарлайды ZhaiyqMedia ақпарат агенттігі bazabazonарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар оның әрекеттерін мемлекеттік символға тіл тигізу деп санаған және полицияға шағымданған. Осылайша, прокурорлық орган Түркия Қылмыстық кодексінің 300-бабы (мемлекеттік символдарды қорлау) және 301-бабы (Түркия ұлты мен институттарын қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Ту біздің абыройымыз, көзіміздің нұры. Каппадокияға келген туристер әрдайым Невшехирдің қонақжайлылығымен баурайды. Алайда біздің ұлттық және рухани құндылықтарға құрметсіздік көрсету мүлде қабылданбайды», – деп мәлімеді жергілікті партия депутаты Эмре Чалышкан.

Бишінің азаматтығы белгісіз, түрік БАҚ-тары оны «yabancı turist», яғни шетелдік турист деп атайды. Кейбір пікірлерде видео авторы Балқан тілдерінің бірінде сөйлеген болуы мүмкін екені айтылған.

Айта кетейік, Түркияның заңына сәйкес қыз 1 жылдан 3 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылады. Қазір қыздың ұсталғаны немесе Түркиядан кеткені туралы ақпарат жоқ.

Ұқсас жазбалар

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы уақытша қызметінен шеттетілді

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев 3 маусымнан бастап бір ай мерзімге…

Мас күйінде ұсталған Чапаев ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылуы мүмкін

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зинуллинге қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…