Categories Жайық news

«Германиядан жұмыс таптым» деген: Польшада жоғалған қазақ әйелінің денесі табылды

Польшада ақпан айында із-түссіз жоғалып кеткен 43 жастағы Қазақстан азаматы Екатерина Шилованың мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне қылмыстық әрекет себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Марқұмның туыстарының хабарлауынша, бұл іске қатысты бір адам кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынған. Алайда тергеу құпиялығына байланысты өзге мәліметтер әзірге жарияланбай отыр.

Еске сала кетсек, Екатерина Шилова шетелде жұмыс істеп жүрген. Ол ақпан айының соңында Варшавадан Астанаға ұшуы тиіс болғанымен, рейске отырмаған. Дәл сол күні ол жақындарымен байланысын үзген.

Оның әпкесіне жолдаған соңғы хабарламасының мазмұны да күдік тудырады.

«Мен ұшудан бас тарттым, Германиядан жақсы жұмыс таптым», – деп жазған еді ол.

Осы хабарламадан кейін онымен байланыс толығымен үзілген. Қазіргі уақытта марқұмның жақындары оның денесін елге жеткізіп, жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін көпшіліктен көмек сұрап, қаражат жинауда.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…