Categories Спорт

Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанған соң алғаш рет татамиге шығып, жеңіліп қалды

Астанада өтіп жатқан «Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026» турнирінде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ұзақ үзілістен кейін алғаш рет татамиге шықты. Бірақ бұл жолы жеңіс оның еншісіне бұйырмады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елдос Сметов өзінің алғашқы айналымдағы қарсыласына есе жіберіп, жарыстан шығып қалды. Бұл – оның Париж Олимпиадасында алтын алғаннан кейінгі алғашқі ресми жекпе-жегі еді.

«Мен үшін бұл жарыс ерекше болды. Ұзақ үзілістен кейін қайта оралу оңай емес. Қателіктерімді түзетіп, алға ұмтыла беремін», – деді Сметов жеңілістен кейін.

Қазақстан дзюдо федерациясының өкілдері бұл жеңіліс спортшының басты мақсаты – 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындықтың бір бөлігі екенін айтады. Олар Сметовтың әлі де әлемдік дзюдо көшбасшысы екенін атап өтті.

Турнир Астанадағы «Барыс Аренада» өтіп жатыр. Оған әлемнің 30-дан астам елінен мықты дзюдошылар қатысуда.

Ұқсас жазбалар

Футбол халық ойыны болуы керек: Дюгарри әлем чемпионатын сынға алды

1998 жылы Франция құрамасымен әлем чемпионы атанған Кристоф Дюгарри жақында басталған әлем чемпионатына қатысты сын…

Бокстан әлем Кубогының кезеңіне қатысатын боксшылардың есімі белгілі болды

World Boxing ұйымдастыратын әлем Кубогының екінші кезеңіне қатысатын қазақ боксшыларының есімі жарияланды.

Әлем чемпионаты: Канада мен Босния және Герцеговина кездеседі

Бүгін футболдан әлем чемпионаты қарсаңында Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары кездеседі. Кездесу Торонто қаласындағы…