Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королін 80 жасқа толуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент өз құттықтауында Корольдің мемлекетті басқарудағы даналығы мен адалдығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан мен Швеция арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуына қосқан үлесін ерекше айтты.

«Сіздің тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанға деген тұрақты қолдауыңыз бен екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін», – делінген жеделхатта.

Тоқаев Корольге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және мемлекеттік істерде табыс тіледі. Швеция халқына да бақ-береке тілеген Президент, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Ұқсас жазбалар

Африкада Эбола қайта өршіді: 88 адам көз жұмды

Африкада Эбола індеті қайта өршіп, 88 адам қаза тапты. ДДҰ вакцинацияны күшейтуде.

АҚШ-та әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып кетті

АҚШ-тың Айдахо штатындағы әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстанда 18 мамырда ауа райы қалай болады: ыстық пен жаңбыр күтіледі

18 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы: оңтүстікте ыстық, солтүстікте жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстанда ауа температурасы…