Украинадағы соғысты «жеңіл шешіледі» деп ойлаған Трамп Путинге ренжіді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбританияға сапары кезінде Ресей басшысы Владимир Путинге көңілі қалғанын мәлімдеді. Ол бастапқыда Украинадағы соғысты «ең жеңіл реттелетін қақтығыс» деп ойлағанын, бірақ келіссөздер айлап жүргізілгенімен, еш нәтиже бермегенін айтты.

«Адамдар қырылып жатыр. Мен мұны тоқтатуға міндеттімін. Біз жеті соғысты тоқтаттық, олар шешілмейтіндей көрінген еді. Ал ең оңайы деп ойлағаным – Путинмен қарым-қатынас болатын. Бірақ ол мені қатты ренжітті», – деді Трамп.

АҚШ президенті сонымен қатар Батыс одақтастарын Ресей мұнайын сатып алмауға шақырып, Путинді келіссөзге мәжбүрлеу қажеттігін атап өтті. Дегенмен, әзірге Вашингтон Мәскеуге қарсы қосымша жеке санкциялар енгізген жоқ.

Ұқсас жазбалар

Мамыр айында қыс қайта оралады: 9-11 мамырға ауа райы болжамы

9-11 мамыр аралығында Қазақстанда ауа райы күрт суытады: солтүстікте аяз бен қар, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Тоқаев Рим Папасын понтификтігінің бір жылдығымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Леоны Понтифик болғанына бір жыл толуына орай құттықтау жеделхатын…

8 мамырда ауа райы қандай?: Қазақстанның көп жерінде жаңбыр күтіледі

8 мамырда Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауады. Синоптиктер найзағай мен екпінді желді де болжап отыр.