Categories Жайық news

Әлемдегі ең мықты армиялардың жаңа рейтингі: Украина үздік жиырмалыққа енді

Global Firepower сараптамалық ресурсы әлемнің ең қуатты әскерлерінің 2024 жылғы рейтингін жариялады. Бұл тізімде Украина 145 елдің ішінде 20-орынға жайғасты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Рейтингті жасау кезінде 60-тан астам көрсеткіш ескерілген. Олардың қатарында әскер мен техника саны ғана емес, елдің экономикалық және демографиялық әлеуеті де бар.

Сарапшылар Украинаның мықты тұстары ретінде әскерінің саны (сарбаздар, резервтегілер және әскери техника), теңіз әлеуеті (теңіз дрон-кемелерінің арқасында), көмір өндіру көлемі, теміржол желісінің ауқымы және қорғанысқа бөлінетін шығындарын атаған.

Ал әлсіз жақтарына сүңгуір қайықтар мен ірі соғыс кемелерінің (авиатасымалдағыш, фрегат, корвет, эсминец), меншікті танкерлерінің болмауы, сондай-ақ көмір, мұнай мен газды көп тұтынуы жатқызылды.

Украина бұл тізімде Испания (18-орын), Мысыр (19-орын), Польша (21-орын) және Тайвань (22-орын) сияқты елдермен қатар тұр.

Global Firepower нұсқасы бойынша әлемдегі ең қуатты 10 армия:

  1. Америка Құрама Штаттары
  2. Ресей Федерациясы
  3. Қытай Халық Республикасы
  4. Үндістан
  5. Оңтүстік Корея
  6. Франция
  7. Жапония
  8. Ұлыбритания
  9. Түркия
  10. Италия

Фото: УНИАН агенттігі

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда шенеуніктерге арналған жаңа мессенджер жасалады: Ол қандай болады?

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге арналған Alem GovWorkspace атты жаңа мессенджер жасалады. Ол қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз…

Жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер 50% жеңілдіктен айырылуы мүмкін

Сенатор Марат Қожаев жол ережесін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерді айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігінен айыруды…

Астанада қалың қар жауып, бір түнде 45 жол апаты тіркелді

Астанада 5 ақпан күні кешке жауған қалың қардың салдарынан бірнеше сағат ішінде 45 жол-көлік оқиғасы…