Трамп: «Мен Си Цзиньпиннен Ресейге қарсы ауыр санкцияларда бізге қолдау көрсетуін күтемін»

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннен Ресейге қатысты санкциялар мәселесінде нақты ұстаным күтетінін мәлімдеді. Ол бұл туралы алдағы Азия сапары қарсаңында айтты.

Трамптың айтуынша, Вашингтон Мәскеуге қарсы бұрын-соңды болмаған қатаң шектеулер енгізген, енді осы бағытта Бейжіңнің де белсенді рөл атқарғанын қалайды.

«Мен Қытайдың Ресейге қатысты бізге көмектескенін қалаймын. Біз Ресейге қарсы өте ауыр санкциялар енгіздік. Бұл санкциялар шын мәнінде күшті. Бірақ мен Қытайдың осы бағытта қолдау көрсеткенін көргім келеді», – деді АҚШ президенті.

Ол сондай-ақ Қытаймен тиімді келісімдер жасауға және Ресей–Украина қақтығысына байланысты маңызды шешімдер қабылдауға үміт білдірді.

«Қытаймен жақсы мәмілелер жасаймыз деп ойлаймын. Біз талқылайтын негізгі тақырыптардың бірі – Ресей мен Украина болмақ», – деді Трамп.

АҚШ президенті Владимир Путиннің санкциялар әсер етпейді деген мәлімдемесіне де жауап қатты:
«Путин бұл санкциялар Ресейге әсер етпейді дейді. Мен олай ойламаймын. Алдағы уақыт бәрін көрсетеді», – деді ол.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Астана — егемен еліміздің жүрегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күніне арналған құттықтауында елорданы егемен еліміздің жүрегі деп атады.

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…