Categories Жайық news

Ресми: Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновті ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Талғат Байсуфинов өткен жылдың қазан айынан бері бас бапкердің міндетін атқарушы қызметінде болған. Осы уақыт ішінде оның жетекшілігімен ұлттық құрама 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде бірнеше маңызды ойын өткізді.

Атап айтқанда, Қазақстан футболшылары Лихтенштейнді 4:0 есебімен ойсырата ұтып, Солтүстік Македония және Бельгиямен өткен матчтарда тең нәтиже тіркеді.

Бұл – тәжірибелі маманның ұлттық құрама тізгініне үшінші рет келуі. Ол бұған дейін команданы 2016-2017 және 2020-2022 жылдары жаттықтырған болатын. Қазақстан футбол федерациясы бапкердің мол тәжірибесі іріктеу кезеңіндегі қазіргі жетістіктерді одан әрі нығайтуға көмектеседі деп үміттенеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…