Түркістанда түркі мемлекеттері бас қосты: Тоқаев не деді?

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтті. Басқосуға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Саммит барысында түркі елдерінің ынтымақтастығы мен ортақ мәдени мұрасы талқыланды. Тоқаев өз сөзінде бірлік пен өзара қолдаудың маңызын атап өтті.

«Түркі халықтарының тарихи тамыры терең. Біз бірге болсақ, кез келген қиындықты жеңеміз», — деді Президент.

Жиынға қатысушылар экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту жолдарын қарастырды. Кездесу достық атмосферасында өтті.

Ұқсас жазбалар

Ыстанбұлдағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады

Ыстанбұлдағы Бұюкада аралындағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады. Өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. 4…

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…