Назарбаев Франциядан $500 млн-ға вилла сатып алмақ болғаны белгілі болды

Ресейлік кәсіпкер Шалва Чигиринскийдің айтуынша, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын адамдары Францияның Лазур жағалауынан жарты миллиард долларға дейін ақша жұмсап, жазғы резиденция сатып алмақ болған.

Чигиринскийдің сөзінше, ол әйгілі вилланы кезінде африкалық диктатордан 7 млрд 858 млн теңгеге сатып алған. Алайда көп ұзамай Назарбаевтың өкілдері келіп, әлдеқайда қымбат баға ұсыныпты.

> «Назарбаевтың адамдары үйді алу үшін маған жарты миллиард долларға дейін бермек болды. Олар Францияның оңтүстігінен кең жазғы резиденция іздеді. Тікұшақ қонатын алаң, екі бассейн, бірнеше қонақ қабылдайтын бөлмелер болуы шарт еді», – дейді кәсіпкер.

 

Аталған вилланың аумағы – 3,2 гектар. Үйдің ішінде 15 жатын бөлме, екі бассейн бар. Сондай-ақ жеке тікұшақ алаңы және сегіз автокөлікке арналған тұрақ қарастырылған. Қазіргі уақытта қымбат жылжымайтын мүлік жалға беріліп жатыр.

Бұл дерек Назарбаев әулетінің шетелдегі ықтимал байлығы мен жылжымайтын мүлікке қатысты жаңа сұрақтарды туындатуда.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы марафонға әлемнің 30 елінен қатысушы келеді

7 маусымда Астанада бесінші рет Astana Half Marathon өтеді. Биылғы ең ауқымды жарысқа әлемнің 30-дан…

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…