Батыс Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды  

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен өңірдің алдағы 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы бойынша кеңес өтті.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 98%-ға жетті. Бірқатар медициналық мекемелерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олар қыркүйек айында толық аяқталмақ. Сондай-ақ, білім беру және мәдениет нысандарының 99%-ы, спорт және әлеуметтік сала нысандары 100% дайын.

Орал қаласында 1210 көпқабатты үйдің 963-і дайындық паспорттарын алды. Әсіресе бес жатақхананың жағдайы ерекше бақылауда. Олар:

— Жәңгір хан көшесі, №16 үй;

— Ружейников көшесі, №7 үй;

— Ақотау көшесі, №24 және №24/1 үйлер;

— Х. Чурин көшесі, №119 үй;

— Доспанова көшесі, №58А үй.

Табиғи монополиялар субъектілерінің дайындығы да қаралды. «Жайықжылқуат» АҚ жылу желілерін жаңғырту жұмыстарын 85%-ға орындады, «Батыс Су Арнасы» ЖШС су жүйелерін қайта құру жұмыстарын аяқтауға жақын. Электр желілері мен газ инфрақұрылымын жаңғыртуға да миллиардтаған теңге көлемінде қаржы бағытталуда.

Облыс әкімі жауапты мекемелерге жылыту маусымына дайындықты толық қамтамасыз етуді, отын қоры мен коммуналдық инфрақұрылымның сенімді жұмысын бақылауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Ыстанбұлдағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады

Ыстанбұлдағы Бұюкада аралындағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады. Өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. 4…

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…