Categories Жайық news

Қазақстанда табыс теңсіздігі шектен шықты

Елімізде байлар мен кедейлер арасындағы қаржылық алшақтық жаңа рекордқа жетті. Ranking жүргізген талдауға сәйкес, 2019–2023 жылдар аралығында ең төменгі 10% және ең жоғары 10% халық табысының айырмашылығы 5,9–6 есені құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 6,2 есеге дейін өскен.

Кіріс құрылымы
Зерттеу қорытындысы табыстың айтарлықтай бөлігі қоғамның шағын тобына тиесілі екенін көрсетеді. Қазақстандағы ең ауқатты 10% азамат жалпы кірістің 24,1%-ын иеленеді.

Жалақыдағы айырмашылық
2023 жылы ай сайын 1 млн теңгеден артық табыс алатындардың үлесі небәрі 3,3% болды (шамамен 112 мың адам). Ал 100 мың теңгеден аз еңбекақы алатындар олардың санынан 5 есе көп шықты — 210,6 мың адам немесе барлық жалдамалы жұмысшылардың 6,1%-ы.

Негізгі бөлігі орташа деңгейдегі жалақыға тәуелді: қызметкерлердің 23,9%-ы айына 100–200 мың теңге, ал 23,2%-ы 200–300 мың теңге аралығында табыс табады.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…