Categories Ақорда

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев IV-III ғасырларда бой көтерген Арк қамалын тамашалады. Көне нысан сан рет қирағанымен қайта қалпына келтірілген. Қазіргі уақытта бекініс аумағында Бұхара мемлекеттік музей-қорығы орналасқан.

🟦Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Бұхарадағы танымал орындардың бірі «Ляби-хауз» кешеніне барды. Мұнда XVII ғасырда салынған Нәдір Диуан-Бегі медресесі мен ханакасы, XVI ғасырда іргетасы қаланған Көкілташ медресесі секілді әйгілі сәулет ескерткіштерін көре аласыз.

🟦Қазақстан мен Өзбекстан көшбасшылары XII-XVI ғасырларда салынған Калян мұнарасы мен мешіті, Мири Араб медресесі секілді үш ғимараттан тұратын «Пои-Калян» тарихи кешенінде болды.

🟦Бұхара ғасырлар бойы Орталық Азиядағы негізгі рухани ілім орталықтарының бірі болғаны белгілі.

🟦Жергілікті медреселерде қазақтың Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Нұржан Наушабаев, Шортанбай Қанайұлы және басқа да көрнекті қайраткерлері білім нәрімен сусындаған. Олардың есімдері екі ел тарихына ортақ.

🟦Бұдан бөлек, мемлекеттер басшыларына Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының музей-құжырасы таныстырылды. Президенттер Бұхарада оқыған қазақ зиялылары туралы көрмені аралап көрді.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас жазбалар

Олжас Бектенов Қытайдағы «Жазғы Давос» форумына қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдың Далянь қаласында өтіп жатқан «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумына қатысып, бірқатар…

Қазақ-қытай әріптестігі: жаңа инвестициялық жобалар талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдағы «Жазғы Давос» форумы аясында бірқатар ірі компания басшыларымен кездесіп, су шаруашылығы,…

Олжас Бектенов Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдағы «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының 17-ші жыл сайынғы кездесуі аясында қытайлық…