Categories Жайық news

Сайлауға ансамбль болып келген әжелер жұртты тәнті етті

Тасқала ауданындағы халықтық «Ақтілеу» әжелер ансамблінің мүшелері референдумға бірге келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әрдайым өнерімен елдің рухын көтеріп, жас ұрпаққа үлгі болып жүрген ақ жаулықты аналар бұл жолы да азаматтық белсенділіктің озық үлгісін көрсетті.

Олар еліміздің тағдыры шешілетін маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, болашаққа деген жауапкершілігін сезінетінін дәлелдеді.

Ансамбль мүшелерінің бұл ұйымшылдығы мен отансүйгіштігі көпшілікке, әсіресе жастарға үлкен өнеге болды. Бұл әрекет – ұрпақ тәрбиесі мен қоғам өміріндегі аға буынның орны ерекше екенінің тағы бір дәлелі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…