Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жөндеуге жабылады

Сурет: Astanatv.kz (архив)

Астанада Қорғалжын тас жолының Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскесінде жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жөндеу жұмыстары мердігер ұйымның қаражаты есебінен кепілдік міндеттемелер аясында жүргізіледі. 7 маусым күні аталған учаске ішінара жабылып, көлік қозғалысы бір бағытта екі жаққа да ұйымдастырылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген хабарламада.

Ұқсас жазбалар

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы апатты жағдайда өшірілді

Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. «Алатау жарық компаниясы» мәліметінше, алғашқы өшіру сағат…

Аптап ыстықта көлікті өрттен қалай қорғауға болады?

Астанадағы Орхон көшесінде жеңіл көлік өртеніп, оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары…