Categories Спорт

ӘЧ-2026: Жапония Тунисті ірі есеппен ұтты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Футболдан Жапония ерлер құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Тунисті 4:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

F тобының екінші турындағы кездесу Мексиканың Монтеррей қаласы маңындағы Гуадалупедегі «BBVA» стадионында өтті. Жапония сапында Аясэ Уэда 31 және 83-ші минуттарда дубль жасаса, Даити Камада 4-ші минутта, ал Дзюня Ито 69-шы минутта гол соқты.

Тунис құрамасы матч бойы тек екі соққы жасап, бірде-бір рет қақпаға дәл бағыттай алмады. Бұл ойын Тунис үшін жаңа бас бапкер, франциялық Эрве Ренардың алғашқы матчы болды. Ол бірінші турдан кейін қызметінен босатылған Сабри Лямушидің орнына келді.

Екі турдан кейін ұпайсыз қалған Тунис топта соңғы орында тұр. Төрт ұпайы бар Жапония Нидерландтан кейін екінші сатыда, ал үш ұпаймен Швеция үшінші орында келеді.

Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне 12 топтың әрқайсысынан үздік екі команда жолдама алады. Сонымен қатар, үшінші орындағылар арасындағы ең үздік сегіз құрама да 1/16 финалға шығады.

Ұқсас жазбалар

Александр Шевченко Уимблдондағы алғашқы кездесуі туралы пікір білдірді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында әлемнің төртінші ракеткасы Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі. Ол…

Футболдан ӘЧ-2026: Канада 1/8 финалға шыққан алғашқы команда атанды

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды.

Дзюдодан Еуропа кубогында Ғалымжан Қырықбай чемпион атанды

Чехия астанасы Прагада өткен дзюдодан Еуропа кубогында Қазақстан қоржынына алтын және күміс медаль түсті.