9-11 маусымда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

Сурет: istockphoto.com

9-11 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, батыс циклонның салдарынан елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде жел күшейіп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

9-11 маусым күндері елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал 11 маусымда оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі.

Ауа температурасы өңірлер бойынша әртүрлі болады. Батыста күндіз +27…+35 градусқа дейін жылынса, солтүстікте +17…+28 градусқа дейін төмендеп, аптап ыстықтың беті қайтады.

Солтүстік-шығыс пен орталық өңірлерде ауа температурасы +25…+33 градус шамасында сақталады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27…+35 градусқа дейін жылынады. Шығыста аптап ыстық сақталып, сынап бағаны +32…+39 градусқа дейін көтеріледі.

Ұқсас жазбалар

29 маусымда 6 облыста қатты ыстық күтіледі

«Қазгидромет» 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 6 облыста қатты ыстық күтіледі.

POLICE RUN жүгіру жарысына екі мыңнан астам адам қатысты

Астанадағы Триатлон саябағында Қазақстан полициясы күніне орай POLICE RUN жүгіру жарысы өтті. Шара «Заң мен…

29 маусымда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қазгидромет 29 маусымда Қостанай, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Қарағанды және Атырау облыстарында…