Categories Жайық news

Ақсайдағы мектеп күзетшісі: 23 жастағы жігітті өлтіргені үшін 11 жылға сотталды

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында 23 жастағы жігітті өлтірген мектеп күзетшісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға биыл 29 қаңтарда А.Н. Қонаев атындағы орта мектепте болған. Сол күні сағат 20:30 шамасында 53 жастағы күзетші Райымбек Төреғалиев шақыртумен келген «Бүркіт» агенттігінің жедел тобының қызметкері Бақытжан Базарбаевқа пышақ жұмсаған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, күзетші қылмыс кезінде мас болғаны анықталды. Ал ауыр жарақат алған 23 жастағы Бақытжан Базарбаев ауруханада көз жұмды.

Сотта Райымбек Төреғалиев ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен («Адам өлтіру») кінәлі деп танылып, өз кінәсін толық мойындады.

Бөрлі аудандық сотының үкімімен Р. Төреғалиев 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге моральдық және 1 миллион 72 мың теңге материалдық шығын өтеуге міндеттелді.

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…