Categories Әлем

Mercedes-Benz-тің 33 мыңнан астам қызметкері жаппай наразылық акциясына шықты

Сурет: IG Metall Stuttgar

Германияда Mercedes-Benz автоконцернінің ондаған мың қызметкері компанияның жаңа шығындарды қысқарту бағдарламасына қарсы наразылық акцияларына шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Акцияларға IG Metall өнеркәсіптік кәсіподағы шақырды. Ұйым бүгінгі шаралар наразылық толқынының басы ғана екенін мәлімдеді. IG Metall дерегінше, ел бойынша өткен акцияларға 33 мыңнан астам адам қатысқан.

Наразылықтар Берлин, Дюссельдорф, Гамбург, Бремен, Гермерсхайм және басқа да қалаларда өтті.

Der Spiegel басылымының жазуынша, Германия бойынша ондаған мың қызметкер Mercedes-Benz компаниясында шығындарды қысқарту шараларын күшейту жоспарына қарсы барабан, ысқырық және плакаттармен наразылық білдірген.

IG Metall кәсіподағының жетекшісі Кристиане Беннер Дюссельдорфтағы митингіде: – Бәсекеге қабілеттілік туралы шын мәнінде айтқысы келетін адам еңбек жағдайларын өзгертуден бастамауы керек. Мықты автомобиль өнеркәсібінің кілті – болашағы бар өнімдерге, өндірістік алаңдарға және қызметкерлерге инвестиция салуда, – деді.

Маусым айында Mercedes-Benz дағдарысқа байланысты үнемдеу шараларын күшейтетінін жариялаған болатын. Соған сәйкес 108 мың қызметкердің шамамен 90 мыңы шілде айында күткен сыйақысын алмайды.

Әңгіме қызметкердің бір айлық стандартты жалақысының 18,4 пайызы көлеміндегі жыл сайынғы қосымша төлем туралы болып отыр.

Ұқсас жазбалар

Тегеранда бұрынғы жоғарғы көшбасшыны ақтық сапарға шығарып салу шеруі өтті

Бүгін Тегеран қаласында Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи мен оның қаза тапқан отбасы…

Әзербайжандық 63 жастағы әйел алғаш рет ана атанды

63 жастағы Әзербайжан тұрғыны табиғи жолмен дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Ол шамамен 38 жыл…

Астанаға 2025 жылы 1,6 миллион турист келген

2025 жылы Астанаға 1,6 миллион турист келген, оның 380 мыңнан астамы шетелдік. 2026 жылдың бірінші…