Categories Жайық news

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елорда полициясының мәліметінше, 36 жастағы ер адам мешіттен iPhone 13 телефонын ұрлады деген күдікпен ұсталды. Телефон иесі намаз оқып тұрған кезде күдікті оның бел сөмкесінен смартфонды алып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Күдікті бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Ұрланған смартфон иесіне қайтарылды.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…