Categories Шартарап

Open Air концерті: «Астана Арена» маңында көлік қозғалысы шектеледі

Сурет: Астана әкімдігі

6 шілдеде Елорда күніне орай «Астана Арена» стадионы алаңында Open Air форматында мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға келушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін концерт күні стадион маңында, «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Жүргізушілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет,

делінген хабарламада.

Астана күніне орай елордада 200-ден астам іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік бағдарлама әзірленді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Домбыра күніне орай 2000-нан астам іс-шара өтеді

Қазақстанның барлық өңірінде Ұлттық домбыра күніне орай ауқымды мәдени бағдарлама өтуде.

Қазақстан 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізеді. Салтанатты рәсім барысында ITTF World Table Tennis…

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат…