Оралдық мейіргер ұшақ бортында жолаушының өмірін сақтап қалды

Орал — Шарм-эль-Шейх әуе рейсінде жолаушылардың бірінің кенеттен жағдайы ауырлап, қан қысымы күрт төмендеп, есінен танып, құса бастады. Бұл оқиға қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді, бірақ ұшақта Орал қаласының №5 емханасының кеңейтілген практика мейіргері – Динара Сариева болды.

Динара жылдам әрекет етіп, бір сағат бойы шұғыл медициналық көмек көрсетіп, қонғанға дейін пациенттің жанында болған.

Қиын жағдайда, ресурстар шектеулі болған кезде, ол бортсеріктермен бірге жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін ер адамның жағдайын тұрақтандыра алды.

“Ұшу кезінде күйеуім ауырып, қан қысымы төмендеп, есінен танып қалды. Бортсеріктер мен мейіргер Динара Сариева оның өмірін сақтап қалды”, — деді жолаушының әйелі.

Динара Сариева — кеңейтілген өкілеттіктері бар мейіргер, күн сайын емханада пациенттерді дербес қабылдауды жүргізеді, медициналық көмек көрсетеді, алғы шепте жұмыс істейді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Премьер-министр Олжас Бектенов гидрологиялық ахуал бойынша жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов қауіпті гидрологиялық құбылыстарға байланысты ахуал туралы есептерді тыңдап, бірқатар тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Жеделхатта бұл күннің символдық мәні ерекше…

Елімізде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 20%-ға азайды

ІІМ мәліметінше, жол апатынан қаза тапқандар саны 20%-ға, жарақат алғандар саны 7%-ға азайған. Қоғамдық орындардағы…