Categories Жайық news

Жемқорлықпен күрес әлсіреді ме? Қазақстан халықаралық рейтингте тағы төмендеді

Қазақстан халықаралық жемқорлықты қабылдау индексіндегі орнын тағы да нашарлатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Transparency International ұйымының жаңа зерттеуіне сәйкес, Қазақстан 100 мүмкін балдан 38 балл жинап, өткен жылмен салыстырғанда екі ұпай жоғалтқан. Осылайша еліміз 182 мемлекеттің ішінде 96-орынға жайғасты.

Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Эфиопия және Суринам сияқты елдермен бір деңгейде тұр. Рейтингте бізге жақын орналасқан мемлекеттер қатарында Колумбия, Доминикан Республикасы, Гамбия, Лесото, Замбия, Мальдив аралдары, Марокко және Тунис бар.

Сарапшылардың пікірінше, бұл нәтиже елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту қажеттігін көрсетеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…