Categories Жайық news

Тоқаев қабылдаған Трамптың кеңесі: мүшелік үшін 1 млрд доллар төлене ме?

Жақында Қасым-Жомарт Тоқаев мүшелікке шақырту алған Дональд Трамптың Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін 1 миллиард доллар төлеу керек деген ақпарат тарады, алайда Ақ үй бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Бейбітшілік кеңесіне қатысу үшін елдерден 1 миллиард доллар көлемінде жарна жинауды жоспарлап отырғанын жазған. Агенттік бұл ақпаратты ұйымның жарғы жобасына сілтеме жасап таратқан.

Алайда Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ақ үй бұл мәліметті «адастырушы» деп атап, мүшелік үшін ешқандай ең төменгі жарна қарастырылмағанын нақтылады.

«Мүшелік бейбітшілікке, қауіпсіздікке және өркендеуге деген шынайы ұмтылысын көрсеткен серіктес елдерге ғана ұсынылады», — деп мәлімдеді Ақ үй.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, Трамп пен оның арнайы өкілі Стив Уиткоффтың бұрынғы жарияланымдарына назар аудартты. Ол жазбаларда қандай да бір сома туралы айтылмаған.

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа мәселесі бойынша құрылып жатқан Бейбітшілік кеңесіне кіру туралы ресми шақыртуын қабылдағаны хабарланған болатын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…