Categories Ақорда

Президент жас қаламгерлерге арналған арнаулы әдеби сыйлық беру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент жас қаламгерлерге арналған арнаулы әдеби сыйлық беру туралы Жарлыққа қол қойды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Мемлекет басшысы «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Биыл Президенттік арнаулы әдеби сыйлық келесі номинациялар бойынша табысталды:

«Проза» номинациясы – «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;

«Поэзия» номинациясы – «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;

«Драматургия» номинациясы – «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;

«Балалар әдебиеті» номинациясы – «Жазда атамның ауылында…» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке.

Аталған сыйлық жас қаламгерлердің шығармашылығын қолдауға және ұлттық әдебиеттің дамуына серпін беруді мақсат етеді.

Ұқсас жазбалар

Жасанды интеллект саласына жауапты жаңа вице-министр тағайындалды

Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды.

Президент Телерадиокешені деректі кино шеберханасына айналды – ардагер

Биыл ҚР Президентінің Телерадиокешені 30 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде ұжым елдегі жетекші медиа…

Астанада арнайы оқу-жаттығу өтеді: Индустриялық парк маңында қозғалыс шектеледі

21 маусым күні Астанада күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ведомствоаралық арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтеді.