Атырауда салынып жатқан мектептің шатыры құлап түсті

Атырауда салынып жатқан мектептің шатыры құлап түсті

Атырау облысы Құлсары қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан жаңа білім ордасында төтенше жағдай болды. 1200 орынға арналған мектеп ғимаратының спорт залының төбесі құлап түскен.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, құрылыс материалдарын сақтау талаптары сақталмаған. Ауыр салмақтағы, яғни 6 тоннадан асатын шатыр материалдары спорт залының шағын бөлігіне қойылған. Соның салдарынан нысан конструкциясы шыдас бермей, шатыр опырылып түскен.

Мектеп құрылысын жүргізіп жатқан мердігер — «Turan Ascent» ЖШС. Компания ғимаратты 2025 жылдың соңына дейін толық аяқтауы тиіс болған. Қазіргі таңда жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылып, оқиғаның нақты себептері анықталуда.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, найзағай және қатты ыстық күтіледі

«Қазгидромет» 2026 жылғы 14 маусымға дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана қаласы мен Қазақстанның барлық 17…

Астанада 6-7 жастағы велосипедші баланы көлік қағып кетті

Астанада 12 маусымда 6-7 жастағы велосипедші баланы Ford көлігі қағып кетті. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап…

Мемлекет басшысы ІІІ Чарльздің туған күніне құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің туған күніне орай құттықтау…