Астанадағы LRT жүйесінің атауы Tarlan Astana болып өзгерді

Сурет: ашық дереккөз

Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) енді Tarlan Astana деп аталады. Тиісті қаулыға қала әкімі Жеңіс Қасымбек қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Еске салайық, LRT жүйесінің ашылу рәсімі 16 мамырда өтіп, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Ал 5 маусымда өткен мәслихат отырысында тұрғындарға оңай айтылатын және есте сақталатын жаңа атау таңдау мәселесі қаралды.

Талқылау барысында «Сұңқар», «Лашын», «Құлан», «Аспан», «Тарлан» секілді бірнеше нұсқа ұсынылды. Комиссия мүшелері бірауыздан Tarlan Astana атауын қолдады.

26 маусымда елорда әкімі бұл шешімді ресми түрде бекітті. Қаулыға сәйкес, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қажетті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Істің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Есет Байкенге жүктелді.

Ұқсас жазбалар

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…

3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшеді

3 шілдеде Астананың Алматы, Нұра және Сарыарқа аудандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы уақытша…

Ыстанбұлдағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады

Ыстанбұлдағы Бұюкада аралындағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады. Өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. 4…