Categories Жайық news

«Бір реттік неке» ұсынған ақтөбелік ер адам қамалды

Ақтөбеде «Нұр ғасыр» мешітінің кіре берісінде бейтаныс қызға сексуалдық сипаттағы ұсыныс жасаған азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы ZhaiyqMedia жазады.

Талғат Ахметовке қатысты іс Ақтөбе қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабы 2-бөлігіне («Қоғамдық орында адамды мазалау») сәйкес кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сотта Ахметовтің бұған дейін де әкімшілік жауапқа тартылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, ол 24 шілде күні сағат 17:30 шамасында мешіт маңында бұрын танымайтын қызға «бір реттік неке» туралы ұсыныс жасаған.

Судья А.Бисеналинаның айтуынша, қамауға алу мерзімі 2025 жылғы 29 шілдеден бастап есептеледі.

Оқиға жұртшылықтың наразылығын туғызды. Жергілікті тұрғындар мұндай әрекеттерге қатаң құқықтық шара қолдануды талап етуде.

Ұқсас жазбалар

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады.

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала болды

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды. Шэньянда өткен халықаралық конференцияда келісімге қол қойылды.

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…