Categories Жайық news

Оралда Тәуелсіздік күніне орай «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік: ғылым мен қоғам диалогы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференция өткізілді.

Оралда Тәуелсіздік күніне орай «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік: ғылым мен қоғам диалогы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференция өткізілді,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Оралда «Атамекен» өнер ордасында Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік: ғылым мен қоғам диалогы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты – тарихи жадының философиялық, тарихи және мәдени аспектілерін айқындау, ұлттық бірегейлік пен жаһандану үдерістерінің өзара ықпалын саралау, ұжымдық жады мен тарихи нарративтердің әлеуметтік сананы қалыптастырудағы рөлін талдау.

Сонымен қатар «Заң мен Тәртіп» идеологемасы аясындағы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы құқықтық мемлекеттік ретінде қалыптасуы талқыланды.

Конференцияға тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Берекет Кәрібаев, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қара Әбдіуақап (Түркия), Өзбекстан Ғылым академиясының Қарақалпақ бөлімшесі жанындағы гуманитарлық ғылымдар институтының тарих бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Асқар Жұмашев (Өзбекстан), Карабах университеті Ғылым департаментінің директоры, профессор, доктор Елчин Ибрагимов (Әзербайжан), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті, Түркітану кафедрасының доценті, PhD докторы Талғат Молдабайұлы (Астана қ.), Хажеттепе университеті, Әдебиет факультеті, түрік халық білімі бөлімінің профессоры, ғылым докторы Өзкул Чобанглу (Түркия) қатысты.

Ұқсас жазбалар

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…

Астанада арзан ет сатамын деп 3 млн теңге жымқырған ер адам ұсталды

Астанада криминалдық полиция 38 жастағы ер адамды ұстады, ол базарларда арзан ет сатамын деп алдап,…

Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев бастаған батысқазақстандық делегация Қытай Халық Республикасының Ляонин провинциясына жасаған жұмыс сапары…