Categories Саясат

АҚШ бірнеше елдің шенеуніктеріне виза шектеулерін енгізді

АҚШ билігі Куба үкіметінің шетелге, оның ішінде медициналық қызметкерлерді, мәжбүрлі түрде жіберу схемасына қатысы бар деп саналған Африка, Куба және Гренада шенеуніктеріне, сондай-ақ олардың отбасыларына виза шектеулерін енгізді.

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың мәлімдемесінде айтылған.

Мәлімдемеде көрсетілгендей, Куба билігі медициналық қызметкерлерді өзге мемлекеттерге жоғары ақыға «жалдап», түскен қаржының көп бөлігін өздерінде қалдырады.

АҚШ тарапының пікірінше, бұл схема «коррупцияланған кубалық режимді» байытып, Куба халқын қажетті медициналық көмектен айырады.

Вашингтон мұндай мәжбүрлі еңбек тәжірибесін тоқтату үшін өзге елдердің үкіметтерімен ынтымақтасуды жалғастыратынын және қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының алғашқы саммитінде сөз сөйледі

Сурет: Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының алғашқы саммитінде сөз сөйледі,-деп хабарлайды…

Президент: «Глобальная архитектура безопасности не может опираться на ядерное сдерживание»

Фото:Акорда Особое место в выступлении заняла проблематика, связанная с нарастающей ядерной угрозой. Касым-Жомарт Токаев напомнил,…

Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды

Сурет:Ақорда Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройы…