Қазақстан туы Солтүстік Американың ең биік шыңына тігілді

Сурет: Қорғаныс министрлігі

Арнайы операциялар күштері Тау дайындығы орталығының альпинистері Солтүстік Американың ең биік нүктесі – Денали шыңын бағындырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Экспедиция кезінде әскери қызметшілер шың басына Қазақстанның Мемлекеттік Туы мен Арнайы операциялар күштерінің туын салтанатты түрде көтерді.

Экспедиция әскери қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығын, төзімділігі мен рух күшін айқын көрсетті. Солтүстік Американың ең биік шыңын бағындыру олардың тамаша дене психологиялық дайындығымен қатар, отансүйгіштік, ерлік пен табандылық қасиеттерін паш етті, – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Денали – Солтүстік Америкадағы ең биік тау шыңы. Оның биіктігі 6190 метрді құрайды. Шың АҚШ-тың Аляска штатында орналасқан Денали ұлттық паркі мен қорығының аумағына кіреді. Атабаска үндістерінің тілінде «Денали» сөзі «Ұлы» деген мағынаны білдіреді.

Ұқсас жазбалар

Көктемгі шақыру науқаны аяқталды: 21 мыңнан астам азамат әскерге кетті

Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны аяқталды. Жарты жылда 18 бен 27 жас аралығындағы…

Брайль қарпіндегі Конституция таныстырылды

Ұлттық кітапханада Брайль қарпімен басылған жаңа Конституция таныстырылды. Бұл бастама зағип және нашар көретін азаматтардың…

Жыл басынан бері 160-тан астам күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға қатысы бар күдіктілердің топ құру, басшылық ету және қатысу…