Жылдамдықты 2 км/сағ асырсаң айыппұл салына ма? Жауап осында

Әлеуметтік желіде жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салынады деген видео тарап жатыр. Бұл ақпараттың рас-өтірігін Egemen Qazaqstan тілшісі анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев бейнероликтегі мәліметті жоққа шығарды. Оның айтуынша, жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салу үшін жылдамдықты 10 шақырымнан кем емес асыру қажет.

«Жылдамдықты 2 шақырымға асырғаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Мұндай норма жоқ», — деді Әлекешев.

Видеода айтылғандай, айыппұл тек 10 км/сағ және одан жоғары жылдамдықты асырғанда ғана салынады. Ал 2 км/сағ айырмашылық радардың қателік шегінде есептеледі.

Мамандар жалған ақпарат таратудан сақ болуға кеңес береді. Ресми дереккөздерді тексеріп алуды ұсынады.

Ұқсас жазбалар

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…

3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшеді

3 шілдеде Астананың Алматы, Нұра және Сарыарқа аудандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы уақытша…