Тоқаев Алтын Орданы зерттеуге іргелі бастама көтерді: жаңа том жарық көрді

Қазақстан тарихының академиялық жинағында алғаш рет Алтын Ордаға жеке том арналды. Бұл — мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған іргелі жобаның бір бөлігі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Алтын Орда мәселесін терең зерттеу үшін бірқатар бастамаларды ұсынды. Оның ішінде халықаралық ғылыми орталық ашу, мұрағаттарды цифрландыру және археологиялық қазба жұмыстарын жандандыру бар.

«Біз Алтын Орданың тарихын әділ әрі толық қалпына келтіруіміз керек. Бұл – ұлттық санамыз үшін маңызды қадам», — деді Тоқаев.

Жаңа томда Алтын Орданың құрылуы, дамуы және ыдырауы кезеңдері қамтылған. Сондай-ақ қазақ хандығының қалыптасуына тигізген ықпалы да жан-жақты сараланған. Ғалымдар бұл еңбекті тарихнамадағы жаңа серпіліс деп бағалап отыр.

Ұқсас жазбалар

Алматыда күдікті адамды тұрғындар ұстап, полицияға тапсырды

Алматының Түрксіб ауданында күдікті ер адам ұсталды. Тінту кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған…

Астанаға 2025 жылы 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік

2025 жылы Астанаға 1,6 миллион турист келді, оның 380 мыңы шетелдік. Жылдың алғашқы тоқсанында 352,2…

Астана күнінде елордада 24 сәби дүниеге келді

6 шілдеде Астана күнінде сағат 00:00-ден бастап елордада 24 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.