Боксшы жерлесіміз Даниял Сәбит Голландияда турнир чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Даниял Сәбит Эйндховенде (Голландия) өтіп жатқан Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

50 келі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық Моңғолия өкілі Баттулга Алдархишигті бірауыздан ұтты. Жекпе-жек барлық белгіленген уақытқа созылды.

Голландиядағы турнирдің жартылай финалында қазақстандық боксшы бельгиялық Редуан Ассаиды нокаутқа түсірді.

Сәбит 2024 жылы Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионы, 2025 жылы Софияда (Болгария) өткен Странджа кубогының және 2021 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Иордания Короліне тәуелсіздіктің 80 жылдығымен құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді ел тәуелсіздігінің 80 жылдығымен құттықтады.

Волонтерлер жылы: Қазақстанның бастамасы әлемді біріктірді

Президент Тоқаевтың бастамасымен өткен Халықаралық волонтерлер жылы әлем елдерін біріктіріп, еріктілер қозғалысын жаңа деңгейге көтерді.

Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады: 26-28 мамырда не күтіп тұр?

26-28 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады: жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Синоптиктер сақтық…