Әл-Фарабидегі жол апаты: Прокурор күдіктіге 10 жыл жаза сұрады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Алматы сотында прокурор Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бойынша айыпталушы Александр Пакты кінәлі деп танып, оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік айыптаушының пікірінше, жүргізуші жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеуі тиіс. Александр Пакқа Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бап мас күйінде көлік жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жағдайларға қатысты қолданылады. Айыпталушы жол-көлік оқиғасына кінәсін толық мойындайтынын және жазадан жалтаруға тырыспайтынын мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында болған. Апат салдарынан үш адам – Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы әйел қаза тапты. Тергеу мәліметтері бойынша Пак басқарған Zeekr көлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан.

Айта кетейік, бұған дейін сот қаза тапқан Томирис Қыдырбектің әкесі Нұрлан Шатеновті жәбірленуші деп таныған болатын.

Ұқсас жазбалар

Шри-Ланка түрмесіндегі қақтығыстан 25 адам қаза тапты

Шри-Ланка астанасы маңындағы түрмеде болған қақтығыстан кемінде 25 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат…

Алматыда күдікті ер адам ұсталып, полицияға тапсырылды

Алматының Түрксіб ауданында күдікті ер адам ұсталды. Тінту кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған…

Қазақстанда 7-9 шілдеде 40 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 7-9 шілде аралығында Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы өзгермелі болады.