Categories Жайық news

Ата заңға ауқымды өзгеріс: Конституцияның 84 пайызы қайта жазылады

Қазақстанның Ата заңына ауқымды өзгерістер енгізілмек: Негізгі заң мәтінінің 84 пайызын қамтитын 77 бап жаңартылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелеріне Ата заңға енгізілетін түзетулердің жиынтық жобасын таныстыру кезінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, құжатты дайындау барысында азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстары толық ескерілген.

Жаңартылған Конституция жобасы Преамбуладан, 11 бөлімнен және 104 баптан тұрады. Оған «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім қосылса, тағы төрт бөлімнің атауы өзгертілген.

Негізгі жаңашылдықтардың қатарында бірпалаталы парламентке көшу, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту, құқық қорғау тетіктерін күшейту және заң үстемдігін қамтамасыз етуде Конституциялық соттың рөлін арттыру қарастырылған.

Фото: gov.kz

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.