Categories Шартарап

Астанада Леонардо да Винчидің сирек кездесетін өнертабыстары көрсетілді

Халықаралық музей күніне орай Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қайта өрлеу дәуірінің данышпаны Леонардо да Винчиге арналған бірегей көрме ашылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 80-нен астам экспонат қойылған. Олардың арасында Леонардоның суреттері, ғылыми жазбалары және қолдан жасалған механизмдерінің үлгілері бар.

«Бұл көрме – ұлы ойшылдың өмірі мен еңбегіне терең үңілуге мүмкіндік. Леонардо тек суретші ғана емес, ол инженер, анатом және өнертапқыш болды», – деді көрмені ұйымдастырушылардың бірі.

Экспозицияда ұшқыш аппараттардың, су тасқынына қарсы құрылғылардың және әскери техникалардың прототиптері ерекше назар аудартады. Барлық механизмдер Леонардоның сызбалары бойынша қайта жасалған.

Көрме бір айға созылады. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар ғылым мен өнерге деген қызығушылықты арттырады деп сенеді.

Ұқсас жазбалар

Астанада көше спорты фестивалі өтіп, жүлдегерлер анықталды

Астанада көше спорты фестивалі өтіп, 100-ден астам қатысушы скейтбординг, ролик, BMX және самокат бойынша сайысты.

Қазақстанда Домбыра күніне орай 2000-нан астам іс-шара өтеді

Қазақстанның барлық өңірінде Ұлттық домбыра күніне орай ауқымды мәдени бағдарлама өтуде.

Қазақстан 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізеді. Салтанатты рәсім барысында ITTF World Table Tennis…