Мемлекет басшысы Бельгиядағы отандастармен кездесті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапары аясында Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтармен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы отандастарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Ол жалпыхалықтық референдумда халықтың біртұтас болып Ата заңды қолдағанын атап өтті. «Өте керемет құжат, 1 шілдеде күшіне енеді. Ата заңымыз халқымыздың темірқазығы болады. Сондықтан баршаңызды шын жүректен жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын», — деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев шетелде білім алып, еңбек етіп жүрген жастарға қолдау білдірді. Ол елімізге білімді, көзі ашық жастар қажет екенін, жастарды қолдау мемлекеттің ұзақмерзімді саясатының бір бөлігі екенін жеткізді. «Қай жерде жүрсеңіз де, қазақ болып қаласыз. Біз озық, дамыған, әділетті ел болуымыз керек», — деді Президент.

Мемлекет басшысы жаңа Негізгі заңда білім мен ғылымды және инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде белгіленгенін айтып, жастарды бірнеше шет тілін меңгеруге шақырды.

Отандастар өз жетістіктері мен жоспарларымен бөлісті. KU Leuven университетінің 3 курс студенті Әлім-Сері Махамбәтәлі Бельгиядағы қазақстандық студенттер қауымдастығы, ал Аружан Болатбекова Брюссельдегі Kazakh Speaking Club қызметі туралы баяндады.

Кездесу соңында Президент Бельгиядағы студенттер мен Қазақстан азаматтарына табыс тіледі.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…