Астанада LRT тоқтап қалды: жолаушылар есікті ашып жіберген

Кеше ғана іске қосылған Астанадағы LRT желісі бүгін тоқтап қалды. Әлеуметтік желіде жолаушылар вагон есігін ашып жіберген видео тарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада пойыздың аялдамада тоқтап тұрғаны көрінеді. Жолаушылардың бірі есікті ашып, сыртқа шығып кеткен. Осыдан кейін LRT қозғалысы тоқтаған.

«Жолаушылардың әрекетінен жүйе апаттық режимге өтіп, пойыз тоқтап қалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», — деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

LRT операторы жолаушыларды ескерту шараларын күшейтетінін мәлімдеді. Алдағы уақытта вагондарға бейнебақылау камераларын қосымша орнату жоспарланып отыр.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Қазақстан Президентінің Брюссельге ресми сапары басталды. Бельгия астанасының әуежайында Мемлекет басшысын Құрмет қарауылы ротасы сап…

Мемлекет басшысы Бельгиядағы отандастармен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапары аясында Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жүрген қазақстандықтармен кездесті.

Талдықорған теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін ашылды

Талдықорған қаласында жаңғырту жұмыстары аяқталған соң теміржол вокзалының салтанатты ашылуы өтті.