Categories Жайық news

The Economist жаңа рейтинг жариялады: Қазақстан алтын қорын еселеп, көшбасшылар қатарына енді

Беделді The Economist басылымы 2000 жылдан бері алтын қорын ең көп жинаған елдердің рейтингін жариялады, бұл тізімде Қазақстан да алдыңғы қатардан көрінді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Рейтингте Ресей көш бастап тұр. Сарапшылардың пікірінше, бұл ел долларға тәуелділікті азайтып, халықаралық санкциялардан қорғану үшін алтынды белсенді түрде жинаған.

Тізімдегі келесі орындарда Қытай мен Үндістан тұр. Бұл екі ірі мемлекет те валюталық резервтерін әртараптандыру мақсатында алтын үлесін едәуір арттырған.

Ал Түркия өз резервіндегі алтын үлесін 4%-дан 36%-ға дейін жеткізіп, айтарлықтай өсім көрсетті. Бұл қадам валюталық дағдарыстар кезінде ел экономикасын тұрақтандыруға көмектескені айтылады.

Бұл қатарда Қазақстан, Таиланд және Катар да бар. Аталған елдер алтынды инфляция мен валюталық тәуекелдерден сақтанудың тиімді құралы ретінде қарастырады.

Сонымен қатар, Венгрия да 2018 жылдан бастап қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін алтынды көптеп сатып ала бастаған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.