Categories Жайық news

«ДӨО алқабы»: Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды

сервистерді локализациялауға, инженерлік кадрларды даярлауға және технологиялар саласында жаңа экспортқа негізделген бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік ашады. Өзінің жоғары өнімді инфрақұрылымының болуы сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуге, стартаптарды қолдауға, бұлтты сервистерді кеңейтуге және ел ішінде жасанды интеллект шешімдерін кеңейтуге жағдай жасайды.

Кездесу қорытындысы бойынша жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық туралы жалпы көлемі $ 10 млрд-ты құрайтын келісімдерге қол қойылды:

– Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Firebird компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім. Бұл құжат жасанды интеллект экожүйесін дамыту, сондай-ақ Alem.ai базасында Firebird Labs Kazakhstan орталығын құру жөніндегі негіздемелік келісімдерді бекітеді;

– «КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС мен Firebird Binding Term Sheet арасындағы ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы келісім, «ДӨО алқабы» жобасы аясында бірлескен жұмыстың техникалық және ұйымдастырушылық параметрлерін айқындайды.

Қол жеткізілген келісімдер «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын одан әрі жүзеге асыруға негіз қалайды. Жоба жасанды интеллектіні енгізуге, бұлтты технологияларға және жаңа буын цифрлық сервистеріне арналған заманауи технологиялық базаны құруды көздейді. Қол қойылған келісімдер жаһандық технологиялық компаниялардың Қазақстанға жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту үшін болашағы зор алаң ретінде қызығушылығының артып отырғанын көрсетеді және елдің Орталық Еуразиядағы қалыптасып келе жатқан цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтады

Ұқсас жазбалар

Топ-5 главных торговых партнеров Казахстана По итогам января-апреля 2026 года

внешнеторговый оборот Казахстана достиг 44,9 млрд $, увеличившись на 7,9% в номинальном выражении по сравнению…

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

Оралда Астана күніне орай көпшілік велошеру болды

Оралда Астана күні мерекесіне орай көпшілік велошеру ұйымдастырылды. Спорттың бұқаралығын арттыру және салауатты өмір салтын…