Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалап жүріп, жұмысшы көз жұмды

Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға Абай мен Чехов көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жұмысшының денесін коллектордан алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы улы газдан уланып қайтыс болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Кейбір аймақтарда қатты жел соғып,…

Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заң қабылданды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай, бұршақ және күшті жел күтіледі

3 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.