Categories Қаржы

Футболдан әлем чемпионаты: жүлде қоры 871 млн долларға жетті

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының жүлде қорын рекордтық деңгейге көтерді. Енді қатысушы 48 құраманың әрқайсысына кемінде 5,9 миллиард теңге бөлінеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық футбол федерациясы бұл жолы жүлде қорын 871 миллион доллар етіп бекітті. Бұл алдыңғы турнирмен салыстырғанда едәуір өсім. Себебі 2022 жылы Катарда өткен чемпионатта жүлде қоры 440 миллион доллар болған еді.

«Біз футболдың дамуына үлес қосуды жалғастырамыз. Жаңа жүлде қоры әлем чемпионатының маңыздылығын көрсетеді», — деді ФИФА президенті Джанни Инфантино.

48 команда қатысатын алғашқы әлем чемпионаты 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Ұйымдастырушылар жүлде қорын ұлғайту арқылы командалардың бәсекелестігін арттыруды көздейді.

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.