Categories Жайық news

Оралда өткен Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінде өңіраралық экономикалық ынтымақтастық талқыланды

Орал қаласында өткен Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің X отырысында екі ел арасындағы өңіраралық экономикалық байланыстарды дамыту жолдары қаралды.

Отырысты ашқан Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Жәкібаевтың айтуынша, облыс Ресейдің бес өңірімен шектесіп, екі ел арасындағы экономикалық қатынастарда маңызды рөл атқарып келеді.

– Көптеген жылдар бойы БҚО екі елдің экономикалық мүдделерін біріктіріп, шекаралас аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін көпір қызметін атқарып келеді. 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында облыстың Ресей Федерациясымен сыртқы сауда айналымы 504,4 миллион АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8 пайызға жоғары, – деді М.Жәкібаев.

Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің Қазақстан тарапынан тең төраға орынбасары Барзони Набиев кеңестің екі ел кәсіпкерлері үшін тиімді серіктестік алаңына айналғанын атап өтті.

– Қазіргі таңда индустрияландыру, өндірісті технологиялық жаңарту және импортты алмастыру бағытындағы жобаларға басымдық беріліп отыр. Бұл саланың негізінде еңбек адамы – өз ісінің шебері тұрады. Білікті мамандарсыз ең озық инженерлік идеяларды жүзеге асыру мүмкін емес. Өндіріс сапасы мен тұрақтылығы ең алдымен сол мамандардың кәсіби деңгейіне тікелей байланысты, – деді ол.

Жиын қорытындысында тараптар өндірістік кооперацияны кеңейту және жұмысшы мамандықтарын дамыту арқылы екі елдің экономикалық әлеуетін арттыруға уағдаласты.

сурет: kazinform

Ұқсас жазбалар

Орал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сурет: Орал қ. Әкімдігі Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық…

В Уральске в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» проведены разъяснительные работы

Фото:Акимат г. Уральск Сегодня в областном центре Западно-Казахстанской области — городе Уральск — в рамках…

100% трудоустройство: как Ozge Epic Oral готовит востребованных аниматоров

Фото:Акимат г. У В марте текущего года в Уральске при поддержке корпоративного фонда Samruk-Kazyna Trust,…