Categories Жайық news

Трамп Гренландия туралы: «Аралды жеңіл немесе қиын жолмен аламыз»

АҚШ президенті Дональд Трамптың пікірінше, егер Вашингтон Гренландияны өз бақылауына алмаса, аралды Ресей немесе Қытай иемденіп кетуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Трамп бұл пікірін жұма күні BBC тілшісінің сұрағына жауап бергенде айтты.

«Елдердің жеке меншігі болуы тиіс және олар жалдауға алынған нәрсені емес, сол меншікті қорғауы керек. Ал бізге Гренландияны қорғауға тура келеді», — деді АҚШ президенті.

Ол Вашингтон бұл мақсатқа «жеңіл жолмен» немесе «қиын жолмен» жетуі мүмкін екенін ескертті.

Жақында Ақ үй Данияның автономиялық аумағын бақылауға алудың бірнеше жолын қарастырып жатқанын хабарлаған. Айта кетерлігі, Дания — АҚШ-пен бірге НАТО-ға мүше ел.

Вашингтон аралды сатып алу мүмкіндігін қарастыруда, сонымен қатар күш қолданып, аннексиялау ықтималдығын да жоққа шығармайды.

Алайда Дания мен Гренландия бұл аумақтың сатылмайтынын мәлімдеді. Ресми Копенгаген егер АҚШ Данияға қарсы әскери операция бастаса, бұл Солтүстікатлантикалық қорғаныс альянсының (НАТО) соңы болатынын ескертті.

Ұқсас жазбалар

«Мені де, бастықтарымды да жазықсыз жұмыстан шығарды»: Нұрай ісі бойынша қуылған полицей мән-жайды айтып берді

"Нұрай ісіне" қатысты жұмыстан босатылған полиция қызметкері Әбілғазы өзіне әділетсіздік жасалғанын айтып, оқиғаның мән-жайын баяндады.

Рингтен тыс жұдырық жұмсамаймын: Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалға нүкте қойды

Белгілі боксшы Серік Сәпиев орынбасарына күш қолданды деген ақпаратты жоққа шығарып, арандатуға бой алдырмайтынын мәлімдеді.

Астанада 15 мың «елес» пациент тіркеп, 80 млн теңге жымқырған клиника басшысына үкім шықты

Астанада 15 мыңнан астам адамды жалған тіркеп, ӘМСҚ-дан 80 млн теңгеге жуық қаржы жымқырған клиника…