Categories Әлем

Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті

Сурет: Thibault Camus

Францияда өтіп жатқан G7 саммиті аясында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский кездесу өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарты сағатқа жуыққа созылған келіссөздер саммиттің ресми бағдарламасынан тыс өтті. Кездесуден кейін Трамп, Зеленский және Франция президенті Эмманюэль Макрон саммит жұмысына қатысты.

Зеленскийдің айтуынша, G7 елдері Украинаның әуе қорғанысын күшейту бойынша ортақ ұстанымға келген. Ол бұл мәселені Трамппен жеке талқылап, Украинада баллистикалық зымырандарға қарсы жүйелер өндіру мүмкіндігін көтергенін айтты.

Кейін журналистерге пікір білдірген Трамп келіссөзді «өте жақсы өтті» деп бағалап, Ресейдің келісімге келуі қажет екенін мәлімдеді.

Ресей келісімге келуі керек. Олар (Ресей мен Украина) өте көп сарбаз жоғалтып жатыр. Мұндай жағдай Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болған жоқ, — деді ол.

Бұған дейін Зеленский Ресей президентіне соғысты тоқтатуды ұсынып, ашық хат жолдаған еді. Сондай-ақ ол қақтығысты қысқа дейін тоқтату керектігін айтып, мәлімдеме жасады.

Ұқсас жазбалар

Трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Украина азаматын есірткі саудасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық…

Қытай АҚШ-тың 10 компаниясына санкция енгізді

Қытай АҚШ-тың 10 компаниясына экспорттық шектеулер енгізді. Бұл Вашингтонның қытайлық ірі компанияларды әскери тізімге қосуына…

Президент Еуропалық Одақ жетекшілерімен нәтижелі келіссөздер жүргізді

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңестің Президенті Антониу Кошта және Еуропалық Комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен…