Categories Жайық news

Батыс Қазақстан облысында ветеринариялық алдын алу шаралары орындалуда

2025 жылға бекітілген жоспарға сәйкес өңірде жануарлардың аса қауіпті 12 жұқпалы ауруына қарсы 11 млн бас ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау, сондай-ақ 2 млн бас малды диагностикалық тексеруден өткізу көзделген. Соның ішінде 2,9 млн бас мал сібір жарасына қарсы егілмек.

2024 жылы эпизоотияға қарсы іс-шаралар 15 ауру бойынша жүргізіліп, 10,1 млн бас жануарға вакцина егілген, ал 2,2 млн бастан зертханалық сынамалар алынған.

 

Вакциналармен қамтамасыз ету

Бүгінгі күнге облысқа 10,9 млн доза ветеринариялық препарат жеткізілді. Оның ішінде сібір жарасына қарсы – 2,9 млн доза.

Ұсақ малдың аусылын және жылқының маңқасын анықтауға арналған аллергендер кешігіп жеткізілген.

Жылдық жоспар бойынша тек жабайы етқоректілерге арналған құтыруға қарсы 0,1 млн доза брикет әлі толық келіп түскен жоқ.

 

Вакцинациялау жұмыстарының орындалуы

 

Жыл басынан бері 9 616 мың бас жануарға вакцинация жүргізілді, оның ішінде:

 

Ірі қара – 1 031 305 бас

 

Ұсақ мал – 1 478 041 бас

 

Шошқа – 12 430 бас

 

Жылқы – 270 400 бас

 

Түйе – 2 177 бас

Сібір жарасына қарсы жұмыстар 55-ВНИИВВиМ штаммы негізінде «Biotron Group» ЖШС өндірген тірі вакцинамен жүргізілуде.

Ветеринариялық ұйымдарда биопрепараттарды сақтау үшін 181 тоңазытқыш, 34 жертөле, 3 арнайы бөлме бар.

Аса қауіпті ауру ошақтары

2025 жылы сібір жарасының жаңа жағдайлары тіркелмеген.

Өңір бойынша жыл басынан бері 4 ауру ошағы анықталды (барлығы ірі қара арасында):

Құтыру – Бөкей Ордасы ауданы (2 ошақ)

Құтыру – Казталов ауданы, Сайқұдық қыстағы (1 ошақ)

Бруцеллез – Бәйтерек ауданы, Егіндібұлақ ауылы (1 ошақ)

Барлық ошақтарда қажетті ветеринариялық іс-шаралар атқарылып, ауру таралуы жойылды.

 

2024 жылы облыс аумағында 9 ауру ошағы тіркелген болатын.

Бруцеллез бойынша ахуал

 

Ірі қара мал:

2025 жылдың 10 айында 804,8 мың бас МІҚ зерттеліп (100%), оның 5 327 басы оң нәтиже берген. Зақымдану деңгейі – 0,6%.

(2024 жылы: 5 728 бас оң нәтиже, 0,7%)

 

Ұсақ мал:

1 269,4 мың бас зерттеліп (96%), 863 бас ауру анықталды. Зақымдану – 0,1%.

(2024 жылы: 1 615 бас оң нәтиже, 0,1%)

2025 жылы ауру малды санитариялық союды ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 50,764 млн теңге бөлінген.

Бруцеллезге шалдыққан жануарлар облыстағы 9 ветеринариялық сою бекетіне жеткізіліп, жыл басынан бері 5 237 бас ірі қара және 856 бас ұсақ мал санитарлық мақсатта сойылды.

Ұқсас жазбалар

A powerful black and white image of a boxer throwing a punch, showcasing strength and focus.

Бокстан ұлттық құрама: Екі дүркін әлем чемпионын дайындаған маман келді

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Қайрат Сәтжановтың орнына Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері…

Несиеңізді банк «үнсіз» кешіре салмайды: Қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

Қаржы нарығын реттеу агенттігі банктердің несиені жаппай кешіріп жатқаны туралы қауесетті жоққа шығарды. Төлем жасау…

Toy houses on a detailed map of Greenland, highlighting geographic features. Ideal for travel concepts.

Трамп Гренландия туралы: «Аралды жеңіл немесе қиын жолмен аламыз»

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны Ресейден қорғау үшін оны иелену керек екенін айтты. Вашингтон аралды…