Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме жасады

Сурет: Ақорда

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе Қазақстан мен Грузия арасында Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Екі елдің делегация мүшелері бірнеше мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты. Олардың қатарында Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Грузия Мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумы бар. Сондай-ақ Қазақстан Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұдан бөлек, Қазақстан Туризм және спорт министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі туризм саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік меморандумына қол қойды.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Грузия Премьер-министрін қарсы алды.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…